Мәскеудің ЦСКА командасы қазақстандық маман Григорий Бабаянды бас бапкердің көмекшісі етіп тағайындағанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Григорий Бабаян ЦСКА командасының жаттықтырушылар құрамына кірді. Бұған дейін Григорий Константинович «Тобыл» футбол клубында бас бапкер қызметін атқарған, енді ол бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалған Алексей Березуцкийге көмектеседі. Клубқа қош келдіңіз!», - деп жазылған қызыл-көктердің Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА сапында өткен жылдың тамыз айының соңынан бері ойнап келеді.