Англия Премьер-лигасы 2021/2022 жылғы маусымы 14 тамызда басталады, деп жазады Prosports.kz.

Лиганың ресми сайты жаңа маусымға арналған жарыс кестесін жариялады.

Бірінші турда «Тоттенхэм Хотспур» өз алаңында «Манчестер Ситиді» қабылдайды. «Манчестер Юнайтед» Манчестерде «Лидспен» кездеседі, ал «Ливерпуль» сырт алаңда «Норвич Ситиге» қарсы матч өткізеді.

АПЛ. Бірінші тур:

«Брентфорд» – «Арсенал»«Бернли» – «Брайтон»«Челси» – «Кристал Пэлас»«Эвертон» – «Саутгемптон»«Лестер Сити» – «Вулверхэмптон»«Манчестер Юнайтед» – «Лидс»«Ньюкасл» – «Вест Хэм Юнайтед»«Норвич Сити» – «Ливерпуль»«Тоттенхэм Хотспур» – «Манчестер Сити»«Уотфорд» – «Астон Вилла».

Жаңа маусымға арналған толық кестені мына сілтеме арқылы көруге болады.