Бүгін, 15 маусымда, Петропавлда ерлер мен әйелдер арасында велоспорттан командалық эстафетада бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған санат бойынша жарыс жолына 5 облыстан 30 спортшы қатысты. Әр команда құрамында 3 ер және 3 әйел спортшыдан сынға түсті. Велошабандоздар жалпы саны 30 км қашықтықты бағындырды. Атап айтқанда, ерлер 30 км, әйелдер 12 км қашықтық бойынша жарысты.

Жарыс нәтижесі бойынша құрамында Даниил Фоминых, Оркен Сламжанов, Игорь Чжан, Фаина Потапова, Анжела Соловьева және Ақпейіл Өсім бар Алматы облысының құрама командасы топ жарды.

Артём Захаров, Глеб Брусенский, Александр Овсянников, Наталья Сайфутдинова, Алина Сарқұлова, Махаббат Үмітжановадан тұратын Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы екінші орынға жайғасты. Қарағанды облысының құрама командасы үздік үштікті қорытындылады.

Айта кетерлігі, Қарағанды сапында Андрей Крейс, Александр Бекенов, Андрей Наливайко, Эльвира Хамзина, Жанерке Санақбаева және Алена Абрамчук сынға түсті.