Astana – Premier Tech командасы 2.1 санатындағы “Адриатика-Ионика” додасында сынға түседі. Веложарыс 15-17 маусым күндері Италияда өтеді.

Команда құрамы: Фабио Феллине (Италия), Давиде Мартинелли (Италия), Мерхави Кудус (Эритрея), Маттео Собреро (Италия), Вадим Пронский (Қазақстан), Никита Стальнов (Қазақстан).

Спорттық директорлар: Джузеппе Мартинелли (Италия), Стефано Занини (Италия).