14 маусымда Грецияның астанасы Афиныда су добынан әйелдер арасындағы Дүниежүзілік лиганың суперфиналындағы Қазақстан құрамасының алғашқы ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы Испания құрамасынан 11:20 есебімен жеңіліп қалды.

Еске сала кетейік, 15 маусымда Қазақстан АҚШ командасымен ойнайды. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да басталады.