Футболдан Қазақстан чемпионатының он бесінші турында турнир кестесінде бірінші және екінші орында тұрған командалар кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Көшбасындағы «Астана» өзінен бір саты төмен тұрған қостанайлық «Тобылды» қабылдады. Командалар жеңімпаз анықтай алмады. Қонақтар қатарынан Неманья Николич соққан голға, Андрей Тихонов командасы Марин Томасовтың пенальтиден дарытқан добымен жауап қатты.

«Астана» мен «Тобыл» арасындағы үш ұпайлық айырмашылық сақталып қалды. Елордалықтарда 35, қостанайлықтар 32 ұпай.

ҚПЛ. 15 тур

«Астана» — «Тобыл» 1:1 (1:1)

Гол соққандар: Николич 29 (0:1), Томасов пенальтиден 44 (1:1).