Бірінші лиганың сегізінші турындағы матчта «Оқжетпес» «Қайрат-Жастарды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Оқжетпес» - «Қайрат-Жастар» 4:1.

Айта кетейік, матч барысында алматылық команданың ойыншысы Лев Кургин есінен танып қалды. Дәрігерлер бірден алғашқы көмек көрсетіп, артынша футболшыны жедел жәрдеммен Алматы ауруханаларының біріне алып кетті.