Маусымның 13-інен 14-іне қараған түні Амстердамда 2020 жылғы Еуропа чемпионатының топтық матчы өтеді. Онда Нидерланды мен Украина құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос команда соңғы рет осыдан 11 жыл бұрын кездесіп, 1:1 есебімен тең түскен еді.

Нидерланды - Украина арасындағы матч елорда уақытымен 01:00-де басталады. «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

С тобында бұл екі командамен қатар, Австрия мен Солтүстік Македония бар. Қос құраманың ойыны сағат 22:00-де басталады.

Эриксен драмасы - өмір мен өлім арпалысы. Дәрігерлердің ерлігі тоқтаған жүректі тірілтті

Бельгия футболшысы соққан голын Эриксенге арнады