2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қырғызстан құрамасы Мьянманы 8:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бір қызығы, осы ойында қырғыз құрамасының қақпасын петропавлдық «Қызыл-Жардың» жартылай қорғаушысы Эрнист Батырканов қорғады. Өйткені Қырғызстан құрамасының қақпашылары коронавируспен ауырған ойыншымен бір жерде болған.

Бұл ойында Батырканов қақпасына бір ғана гол соғылды. Бұған Мьянманың бір ойыншысы 24-минутта алаңнан қуылғаны да себеп болды.

Мьянма - Қырғызстан - 1:8Гол соққандар: 0:1 – 22 Рустамов, 0:2 – 29 Алықұлов, 0:3 – 34 Мұсабеков, 0:4 – 45 Шукуров, 0:5 – 45+2 Мырзаев, 0:6 – 61 Мырзаев, 0:7 – 63 Боколеев, 1:7 – 69 Хлаинг Бо Бо, 1:8 – 78 Мырзаев.