Америкада UFC-дің бұрынғы чемпионы Джордж Сент-Пьердің құрметіне мүсін орнатылды.

«Өзім туып-өскен қалада мүсін орнатқанына өте қуаныштымын. Менің өмір жолым жастарға үлгі боларына сенемін», — деп жазды Сент-Пьер.

Айта кетейік, Сент-Пьер мансабын 2017 жылы аяқтаған. 40 жастағы файтер өзін әлі бабында ұстағанымен, аралас жекпе-жекке оралуды ойламайды.