Arlan MMA Pro Team файтері қазақстандық Арман «Сұңқар» Оспанов (11-3) Professional Fighters League промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Еске сала кетейік, Арманның қатысатын турнир Нью-Джерси штатындағы Атлантик-Ситиде 10 маусымда өтеді деп жоспарланған. Оспановтың америкалық Крис Вядпен (18-6) жекпе-жегі бастапқы кардта өтеді.

Жекпе-жек 11 маусым күні Нұр-Сұлтан уақытымен шамамен 05:00-де басталады. Тікелей трансляция: СІЛТЕМЕ 1, СІЛТЕМЕ 2.