Қазақстандық кино және телехикая актері Еркебұлан Тоқтар ережесіз жекпе-жек спортындағы алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

25 жастағы Тоқтар 16 маусымда Алматыда өтетін OCTAGON 20 турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы тағы бір дебютант, 33 жастағы Мұхтар Жұмағали болады. Жекпе-жек аралық салмақ дәрежесінде (72 келі) өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Дамир Төленов (6-0) өнер көрсетеді, қарсыласы қырғызстандық Арген Маликов (5-2) болады. Бұл жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы (56,7 келі) вакантты титул сарапқа салынады.

Сондай-ақ, турнирде Руслан Серікпұлов, Самбет Найманбаев, Бекзат Алмахан, Рүстем Мұхатов және Әлішер Ғабдуллин секілді файтерлер өнер көрсетеді.

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN және 1XBET букмекерлік компаниясы.

Айта кетейік, OCTAGON 20 турнирі 16 маусымда Алматыда өтеді. Кештің тікелей трансляциясын OCTAGON TV Youtube арнасынан көруге болады.

Турнирдің серіктесі - UNO сауда маркасы.