Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге Франция ашық біріншілігінің жұптық сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина - Павлюченкова жұбы үшінші айналымда Николь Меличар (АҚШ) мен Деми Схюрсті (Нидерланды) жеңді.

1 сағат 24 минутқа созылған кездесу 6-4, 6-3 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, келесі айналымда олар Магда Линетт (Польша) және Бернарда Перамен (АҚШ) кездеседі.