Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Алматыда өтіп жатқан ATP Open Challenger 80 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы айналымда Скатов италиялық теннисші Лоренцо Джустиноны жарыс жолынан шығарды.

2 сағат 54 минутқа созылған кездесу 6-4, 3-6, 6-2 есебімен аяқталды.