MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясы Алматыда кәсіпқой бокс кешін өткізеді.

10 шілдеде «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде MTK Fight Night турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет жұдырықтасады.

Тағы бір басты айқаста британиялық Ли Макгрегор (10-0, 8 КО) шаршы алаңға шығады. Әзірге екеуінің де қарсыласы белгісіз.