MTK Kazakhstan компаниясының ұйымдастыруымен 10 шілдеде өтетін бокс кешінде Әли Балоев шаршы алаңға шығады. Әзірге қарсыласы белгісіз.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет жұдырықтасады. Тағы бір басты айқаста британиялық Ли Макгрегор (10-0, 8 КО) шаршы алаңға шығады. Әзірге екеуінің де қарсыласы белгісіз.

Айта кетейік, Әли Балоев 27 ақпанда Алматыда ресейлік Денис Царюкке (12-4, 10 КО) қарасы жекпе-жек өткізуі қажет еді. Алайда соңғы сәтте қарсыласы коронавирус жұқтырып, жекпе-жек өтпей қалды.