«Барселона» «Лион» ойыншысы Мемфис Депайға 3 жылдық келісімшарт ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы испаниялық Sport.es порталық ақпарат таратты.

Тараптар мәміле шарттары бойынша іс жүзінде келісімге келді. Нидерланды құрамасының футболшысы каталондықтар өзінің отандасы, команданың бас бапкері Рональд Куманмен ынтымақтастықты жалғастыратынын жариялағаннан кейін келісімшартқа қол қояды.

Әйтпесе, Депай «Барсамен» келісім жасасудан бас тартуы мүмкін. Футболшыға басқа клубтар да ұсыныс жасап отыр.

Бұған дейін «Лионның» спорт директоры Депайдың клубтан кететін айтқан еді.