«Барселонаның» бас бапкері Роналд Куман келесі маусымда команданы жаттықтырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

CCMA мәліметінше, нидерландылық бапкер команда тізгінінде қалады, бұл туралы директорлар кеңесінің отырысынан кейін ресми хабарланады.

Екі тарап соңғы кезде жиі кездескен, «Барселона» президенті Жоан Лапорта Куманды командада қалдырмақ.