21 жастағы қорғаушы Иван Комаровский Новокузнецтің «Металлургінде» ойнайды.

Мәскеу хоккейінің түлегі жаңа клубқа «Барыстың» жүйесінен ауысты.

Комаровский өткен маусымды «Барыстың» фарм-клубы «Номад» командасында өткізді. Қазақстан чемпионатында 28 матчқа қатысып, 6 ұпай жинады (3+3). Плей-офф кезеңіндегі алты ойында бір нәтижелі пас берді.