Хоккейден Қазақстан құрамасы Ригадағы әлем чемпионатынан кейін Нұр-Сұлтанға оралды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Хоккей федерациясына сілтеме жасап.

Әуежайда хоккейшілерді жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері күтіп алды. Спортшылар сұхбат беріп, жанкүйерлермен суретке түсті.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ригадағы әлем чемпионатының топтық кезеңінде 5-орын алып, плэй-офф кезеңіне шыға алмаған еді.