Қазақстандық файтер Николай Веретенников мансабындағы алғашқы жекпе-жегі жайлы айтып берді.

«Алғашқы жекпе-жегімді Астанада ойын-сауық кешенінде өткіздім. Сауда үйі жаңадан ашылғандықтан адамдарды шақыру үшін турнир ұйымдастырды.

Алғашқы жекпе-жегім үшін 60 мың теңге шамасында сыйақы алдым. Ол кезде бұл жақсы ақша еді. Күзеттегі бір айлығыммен пара-пар» – деді файтер«Подкаст иммигранта» YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Николай Веретенников Американың FURY FC лигасының чемпионы атанып, DWCS ұйымымен келісімшартқа отырды.