Жеңіл салмақта UFC бұрынғы уақытша чемпионы Тони Фергюсон жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фергюсон Инстаграм-парақшасында ұлды болғанын жазды. Ұлының есімін Энтони деп қойған.

«Эль-Кукуй» кейінгі жекпе-жегінде UFC 262 турнирінде америкалық Бенеил Дариуштен жеңілген болатын. Оның алдында Фергюсон Джастин Гэтжи мен Чарльз Оливейраға жол берген еді.