Ереванның «Алашкерт» командасының жартылай қорғаушысысы Давид Давидянға «Химки», «Уфа» және «Астана» қызығып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Алашкерт» сапында Давидян өткен маусымда Армения чемпионы атарнды. 19 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Жақында 23 жастағы Давидян Армения құрамасына шақырту алды, бірақ Армения чемпионатының соңғы турында жарақат алып қалды.

Давидянның «Алашкертпен» келісімшарты осы жылдың 2 тамызына дейін жарамды.