Клуб басшылығы Махлангумен кездескеннен кейін отбасылық жағдайларға байланысты қос тарап шешімімен келісім-шарт бұзылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз Май Махлангу мен оның отбасына денсаулық, сәттілік және жетістіктерді тілейміз, отбасы барлығынан да артық» - деп мәлімдеді шымкенттік клубтың баспасөз қызметі.

Оңтүстікафрикалық жартылай қорғаушы Май Махлангу «Ордабасыға» 2019 жылы болгариялық «Лудогорецтен» ауысып келген еді. 32 жасар ойыншы шымкенттік клуб сапында 60 ойын өткізіп, 4 гол соққан және 2 нәтижелі пастың авторы атанған