Ресейлік «Ухта» футзал клубына Қазақстан құрамасының шабуылгысы Азат Валиуллин қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz ресейлік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020/21 жылғы маусымда Валиуллин рудныйлық «Аят» сапында ойнап, 33 матчта 29 гол соққан. Еске салсақ, «Аят» өткен маусымда Қазақстан чемпионатының қола медалін еншілеген.

«Ухта» 2020/21 жылғы Ресей чемпионатының маусымында тұрақты кезеңде 9-орын алып, плэй-оффқа өтпеген.