«Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков қазақстандық футзалға шетелдік ойыншылар келуі қаншалықты маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- «Қайрат» Эдсонға Қазақстан азаматтығын бергісі келетіні рас па? Оның құжаттарын әзірлеуде қиындықтар бар ма?

- «Қайрат» клубы футболшыларды дайындап, оларды жоғары санатты мамандарға жеткізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Ең лайықтылардың іріктеуінен өткендер қалауы мен мүмкіндігіне байланысты қазақ туының намысын қорғауға шақырылады. Эдсон - солардың бірі.

- Неліктен бұл ойыншыны таңдадыңыздар? Эдсон алдағы әлем чемпионатына қатысып үлгере ме?

- Ұлттық құрама атынан шығып жүрген шетелдік ойыншылардың әлеуеті «Қайратта» көрінген, олар өз амплуасында әлемнің үздік ойыншыларының ТОП-10 тізіміне кіретінін бәрі біледі және мұндай лайықты атаққа ие болу керек. Эдсон - «Қайратта» ашылып, өзінің әлеуетін көрсеткен жас ойыншы.