UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Жорж Сен-Пьер мансабын аяқтаған Хабиб Нурмагомедовке жекпе-жек өткізуді ұсынды. Бұл туралы менеджер Әли Әбдел-Әзиз мәлімдеді. «Он күн бұрын Уайт хабарласып, Сен-Пьер Хабибпен жұдырықтасқысы келетінін айтты. Бұл жартылай орта салмақтағы титулсыз жекпе-жек болады деді. Біз Жоржды төрт-бес жыл күттік. Бірақ UFC-де оның жеңіл салмаққа өткенін қалады. Ол мансабын аяқтағанына қарамастан октагонға шыққысы келеді екен» — деп келтіреді менеджердің сөзін Bloody Elbow.