32 жастағы UFC файтері Конор МакГрегор Sportico нұсқасы бойынша 2020 жылы маусымнан 2021 жылы мамыр аралығында ең көп табыс тапқан 100 спортшының тізімінде көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

МакГрегор соңғы үш жылда 2018 жылы шығарған ирландиялық виски брендін насихаттап келеді. Биылғы жылы компанияның сатылымы оған 170 миллион доллар табыс алып келді, әрі соңғы 12 айдағы кірісі 208 миллион долларға жетті. Осының арқасында оның табысы әлемдік футбол жұлдыздарынан асып кетті: Лионель Месси (126 миллион доллар) және Криштиану Роналду (120 млн. Доллар).

Сонымен қатар, МакГрегор қайтарда UFC-де өткізген Дастин Порьемен жекпе-жектен 28 миллион доллар тапты. Ал АҚШ-тан тыс жерлердегі түрлі брендтермен серіктестіктен 8 миллион доллар пайда алды.