«Бавария» командасының бұрынғы бас бапкері Ханс-Дитер Флик Германия құрамасын жаттықтырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Неміс футбол қауымдастығы (DFB) ресми мәлімдеді.

Флик Германия ұлттық құрамының тізгінін 2020 жылғы Еуропа чемпионаты аяқталғаннан кейін ұстайды. Келісімшарт 2024 жылға дейін жасалады.

Айта кетейік, Флик 2019 жылы мюнхендік «Баварияның» бас бапкері болды. Оның жетекшілігімен команда былтыр мүмкін болған барлық жүлдені жеңіп алды. Биылғы маусымда да Бундеслиганың чемпионы атанды.