25 мамыр күні Австрияда 3х3 баскетболдан Олимпиадаға іріктеу турнирі өтеді. Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысады.

Біздің спортшылар В тобында сынға түседі. Қазақстан командасының топтық кезеңдегі қарсыластары – АҚШ, Бельгия, Литва, Оңтүстік Корея.

Жарыста жалпы есебі сегіз топ бар. Турнир 31 мамырға дейін жалғасады.