Таразда су добынан әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.

Ел біріншілігіне Алматы, Тараз, Нұр-Сұлтан және Орал қалаларынан командалар қатысты. Нәтижесінде Тараз қаласының әйелдер құрамасы топ жарды.

Алматылықтар екінші болса, Нұр-Сұлтан қаласының өкілдері үздік үштікті қорытындылады.

Айта кетерлігі, республикалық чемпионат 19-21 мамыр аралығында өтті.