Киевте спорттық гимнастикадан Украинаның ашық кубогы аяқталды. Қазақстандық Милад Карими төрт медаль жеңіп алды.

Карими кермедегі жаттығу мен еркін жаттығуда алтын медаль иеленді. Сондай-ақ, қоссырықта күміс, қол тіреп секіруден қола жүлде еншіледі.

Көпсайыс қорытындысы бойынша Милад бесінші орынға тұрақтады.

Айта кетелік, турнирге 15 мемлекеттен спортшылар қатысқан.