Флойд Мейуэзер мен Логан Полдың жекпе-жегіне VIP-пакет сатып алуға болады. Арнайы ұсыныс кездесу алдында сатылымға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ең арзан, қола пакет 1 мың доллар тұрады, ал ең қымбаты 10 мың долларға бағаланған. Қымбат пакетті сатып алсаңыз, сізге алғашқы бес қатардың бірінен билет беріледі, Логан Полмен онлайн кездесуге болады, блогер қол қойған қолғап тарту етіледі, VIP тұрақ орны және консьерж қызметі қарастырылған.

Мейуэзер мен Пол жекпе-жегі 5 маусымда өтеді.