Қазақстандық стендап-әзілкеш Нұрлан Сабуров Химкиде рэпер Бастаның Gazfight промоушні ұйымдастырған бокс кешінде ринг-анонсер болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл Баста промоушні ұйымдастырған алғашқы турнир болды. Оның хедлайнері ретінде ресейлік боксшылар Дмитрий Кудряшов пен Евгений Романов жұдырықтасады — жекпе-жек жеңімпазы бриджервейтте WBC титулына үміткер болады.