Шабуылшы Иван Кучин өскемендік «Торпедомен» келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен маусымда хоккейші Қазақстан тұрақты чемпионатында 39 матч өткізіп, 18 (7+11) ұпай жинаған. Ал плэй-оффтың 9 кездесуінде 4 (2+2) ұпай еншіледі.
Хоккейшімен еңбек келісімі бір жылға жасалды.
Комментарии