Шабуылшы Фил Вароне «Барыс» сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен маусымда 30 жастағы канадалық хоккейші ҚХЛ тұрақты чемпионатында 42 матч өткізіп, 25 (9+16) ұпай жинады, ал плэй-оффтың төрт ойнында 2 (1+1) нәтижелі ұпай еншілеген.