Қарағандыда үстел теннисінен өтіп жатқан бесінші жастар ойынының командалық сындағы жеңімпаздары белгілі болды.

Ерлер арасындағы финалдық сында Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары кездескен болатын. Тартысты бәсекеде БҚО өкілдері жеңіске жетті.

Қыздар арасында алтын жүлдені Шымкент пен Қарағанды қаласының спортшылары сарапқа салып, Сарвиноз Миркадирова бастаған шымкенттіктер топ жарды.

Алдағы күндері турнирдің жекелей сындағы жеңімпаздары анықталады.