Қазақстандық Юлия Путинцева Белград WTA 250 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемнің 35-інші, осы доданың 2-ракеткасы Путинцева Сербия ашық чемпионатының екінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 188-орында тұрған хорватиялық Ана Конюхпен кездесті.

Хорватиялық теннисші бірінші партияда 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде де мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ - 6:4. Бәсеке 1 сағат 23 минутқа созылды.

Конюх жартылай финалға шығу үшін әлемнің 42-ракеткасы, аргентиналық Надя Подороскамен таласады.