25 қарашада басталатын Davis Cup финалдық кезеңі аясында өтетін матчтардың уақыты белгіленді. Матчтар Мадрид, Турин және Инсбрук қалаларында өтеді деп жоспарланған.

Қазақстан құрамасы В тобына түсті. Біздің теннисшілер 27 қарашада Швециямен, артынша Канадамен күш сынасады. Матчтар Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.

1/4 финалдың матчтары 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтеді. Артынша екі күн қатарынан жартылай финалдық матчтар, 5 желтоқсанда финал болады.