Ивуарлық шабуылшы Мохамед Конате Ресейдің «Ахмат» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Грозныйлық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойыншымен келісімшарт «1+2» жүйесінде жасалды.

Мохамед Конате 2018 жылы «Қайраттың» жастар командасында, Бірінші лигада бақ сынайтын «Қайрат А» сапында 12 матч өткізіп, 3 гол соққан. Кейін ол Арменияның «Пюник» командасында өнер көрсетті.

Айта кетейік, «Ахмат» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Марат Быстров өнер көрсетеді.