«Барселона» маусым аяқталған соң бас бапкер Рональд Куманны қызметінен босатады. Бұл туралы «Чемпионат» басылымы хабарлады.

Испания чемпионатының 37-турында каталониялық команда «Сельтадан» жеңілген соң чемпиондықтан үмітін үзді. Осыдан кейін команда басшылығы маманмен қош айтысуды жөн көрген.

Қазірдің өзінде Рональд Куманның орнын басуы мүмкін үш маманның есімі аталады. Олар: Хави Гарсия Пимьена, Хави және Эрик тен Хаг.