Елордалық команданың бас бапкері Андрей Тихонов Prosports.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында «Астанадағы» жағдай туралы айтып, төрешілер мен алаңдардың сапасына қатысты мәселелерге тоқталды.

- Андрей Валериевич, «Астана» алғашқы турда Түркістанда «Тұранмен» тең түсіп, сынның астында қалды. Масқара деп баға бергендер де болды. Бірақ келесі он ойында команда екі ұпай ғана жоғалтты. Дәл осындай нәтижені өзіңіз күттіңіз бе?

- Сол матчтан кейін «Астананы» үздіктер тізімінен сызып тастағандар да болған шығар. Бұл - футбол, бір ойындағы жеңісіне өзге түгіл, өзің де таңқаласың, келесі ойында сәттілік теріс айналып, жоқ жерден сүрінесің. Бір жұдырық болып жұмылып, бірден ес жиғанымыздың арқасында жеңістен жеңіске жетіп отырмыз.