Ирландиялық файтер Конор Макгрегор бразилиялық Чарльз Оливейраны UFС чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

16 мамырға қараған түні Хьюстонда Чарльз Оливейра америкалық Майкл Чендлерді екінші раундта жеңген болатын.

Твиттер желісіндегі парақшасынжа Макгрегор былай деп жазды:

«Оливейраны жеңіл салмақта UFC тарихындағы 11-ші чемпион атануымен құттықтаймын. Қызық, 12-ші кім болар екен...» — деп жазды Макгрегор.

Оливейра мұны жауапсыз қалдырмады:

«Конор, Дастин туралы көбірек ойла, кейін сөйлесеміз. Мықты болсаң, бірінші Дастинді жең, кейін Бразилияға кел, сені оңдырмаймын! Ол көп сөйлейтін жігіттердің бірі», — деді Оливейра.