Америкалық файтер Майкл Чендлер UFC 262 турнирінде бразилиялық Чарльз Оливейрадан жеңілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ru.ufc.com сайтына сілтеме жасап.

16 мамырға қараған түні Хьюстонда Чарльз Оливейра Майкл Чендлерді екінші раундта жеңген болатын.

Бұл кездесуден кейін Чендлер Оливейраны реванш өткізуге шақырды. Сондай-ақ, америкалық файтер алдағы 12 ішінде UFC чемпионы атануға уәде берді.