Хоккейден Латвия құрамасы Ригада өтетін әлем чемпионатына дайындық барысында Швейцариядан жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч швейцариялықтардың пайдасына 3:0 есебімен аяқталды. Латвиялықтар оған дейін Швейцариядан тағы да 0:3, Словакиядан 0:1 есебімен жеңілген болатын.

Еске салайық, Латвиядағы әлем чемпионаты 21 мамыр мен 6 маусым арасында өтеді. Латвиямен бір топта Қазақстан, Норвегия, Финляндия, АҚШ, Германия, Канада мен Италия өнер көрсетеді.