Әлем чемпионатын қабылдайтын Латвия хоккейшілері қатарынан үшінші ойында жеңілді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызХоккейден Латвия құрамасы Ригада өтетін әлем чемпионатына дайындық барысында Швейцариядан жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч швейцариялықтардың пайдасына 3:0 есебімен аяқталды. Латвиялықтар оған дейін Швейцариядан тағы да 0:3, Словакиядан 0:1 есебімен жеңілген болатын.
Еске салайық, Латвиядағы әлем чемпионаты 21 мамыр мен 6 маусым арасында өтеді. Латвиямен бір топта Қазақстан, Норвегия, Финляндия, АҚШ, Германия, Канада мен Италия өнер көрсетеді.