Қазақстандық файтер Қуат Хамитов жекпе-жекке шақырған ресейлік Мариф Пираевқа қарсы жұдырықтасатын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инстаграм-парақшасында Хамитов видео жариялап, Пираевқа жауап қатты.

«Бәрі ресми секілді! 18 қыркүйекте Almaty-Arena», - деп жазды Хамитов Инстаграм-парақшасында.

Еске салайық, Хамитов келесі жекпе-жегін 19 маусымда Атырауда өткізеді. Оның қарсыласы Роман Головинов болады.