Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов жекпе-жек өткізу үшін АҚШ-қа аттанды.

Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Айта кетейік, Жұмағұлов UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізуге дайындалып жатыр. Отандасымыз 11 шілдеде Лас-Вегаста өтетін UFC 264 турнирінде америкалық Джером Риверамен кездеседі.