Екінші орта салмақта WBA Super және WBC чемпионы мексикалық Сауль Альварес салмақ дәрежесіне қарамастан ең мықты боксшы деп кімді есептейтінін айтты.

- Pound-for-Pound рейтингіне Теренс Кроуфорд, Теофимо Лопес, Наоя Иноуэ қосар едім. Таңдау жасау өте қиын. Бұл қатарға Василий Ломаченко, Джервонто Дэвис пен Райан Гарсияны қосуға болады, - дейді Альварес.

9 мамырда Сауль Альварес британиялық Билли Джо Сондерске қарсы жекпе-жек өткізеді.