Екатеринбургте Жеңіс күніне арналған бокс кеші өтіп жатыр. Қазақстандық Берікбай Нұрымбетов (7-3-1, 2 КО) ресейлік Иван Никоновтан (5-0) жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

72,6 келіге дейінгі салмақта болған алтыраундтық кездесуде Никонов бірінші минуттан басым болып, көп шабуылдады. Қазақстандық боксшы көбіне қорғанумен болды. Нәтижесінде, төрешілер жеңісті Никоновқа берді.

Бокс кешінің трансляциясын мына жерден қарауға болады.